Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды - СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды - СІМ ©TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары. 2022 жылдың 25-26 ақпанында Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарланып отыр", - делінген СІМ хабарында.

Бұл рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады екен. Қазақстан азаматтарына Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз "жасыл дәліз" қамтамасыз етіліпті.

"Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19. Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети