Украинадан аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Украинадан аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағағ сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Украинадан аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағағ сілтеме жасап.

Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Украинадан аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады.

"Ол 2017-2019 жылдар аралығында Алматыда салынып жатқан үйден пәтер береміндеген сылтаумен азаматтардың жалпы сомасы 140 миллион теңгеден астам мүлкін алдау жолымен иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды. Өткен жылдың қараша айында күдікті Украина аумағында ұсталған", - делінген хабарламада.

Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша украиндық тарап күдіктіні елімізгеэкстрадициялау туралы шешім қабылдады.

"Айта кетері, былтыр Украинаның қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелері бойынша Қазақстан-Украина өзара іс-қимылын реттеген Минск конвенциясынан шыққанына қарамастан, аталған адамды ұстап беру Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы 2018 жылы Қазақстан Бас прокуратурасы жасаған экстрадициялау туралы шарттың арқасында мүмкін болды".

Сонымен қатар, Астана мен Киев арасында тікелей әуе қатынасы болмағандықтан, іздеуде жүрген адамды Украинадан Молдова мен Түркия арқылы өткізуге тура келді, ол үшін Бас прокуратураға осы елдерден адамдарды өз аумақтары бойынша транзиттік тасымалдауға келісімін алу қажет болды. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылып отырған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro