14 шілде 2022 10:30

Украинадан астық экспорты. БҰҰ Бас хатшысы Ыстамбұлдағы келіссөздер нәтижесін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay Фото: pixabay

Бас хатшы Антониу Гутерриш миллиондаған тонна украиналық астықтың Қара теңіз арқылы қауіпсіз экспортына мүмкіндік беру үшін маңызды қадам жасалғанын айтып, Ыстамбұлдағы келіссөзді "үміт сәулесі" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас хатшы Антониу Гутерриш миллиондаған тонна украиналық астықтың Қара теңіз арқылы қауіпсіз экспортына мүмкіндік беру үшін маңызды қадам жасалғанын айтып, Ыстамбұлдағы келіссөзді "үміт сәулесі" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіруі астық, май, жанармай мен тыңайтқыш бағасының айтарлықтай өсуіне, сондай-ақ бүкіл ел бойынша жеткізу тізбегіндегі күрделі мәселелерге әкелді. Дамушы елдер импорттайтын астықтың басым бөлігі Украинадан келеді, бірақ елдің Қара теңіз порттарын Ресей жауып тастады, соның ішінде ең маңызды көлік торабы – Одессаны, деді БҰҰ өкілдері.

Түркия үкіметі БҰҰ-мен бірнеше апта бойы Ресей мен Украина арасындағы келісімге делдал болу үшін жұмыс істеп жатыр.

Ыстамбұлдағы келіссөздер аяқталғаннан кейін Гутерриш БҰҰ-ның штаб-пәтерінде: "Жаһандық дағдарыстарға толы әлемде бүгін үміт нұры пайда болды", - деді.

Бірақ ол Ресей мен Украина арасында әлі ресми келісімге қол қойылмағанын баса айтты.

БҰҰ басшысы Ыстамбұлдағы келіссөздерге БҰҰ атынан гуманитарлық департамент басшысы Мартин Гриффитс пен БҰҰ сауда және даму агенттігінің басшысы Ребека Гринспан қатысқанын айтты.

"Соғыстың басынан бастап мен украиналық азық-түлік пен ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштардың әлемдік нарықта толық қолжетімді болуының маңыздылығын атап өттім. Өйткені, барлық тарап мақсаты тек Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы келісім ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге арналған келісім", - деді БҰҰ басшысы.

Бас хатшы журналистер сұрағына жауап бере отырып, Ыстамбұлдағы бірінші кездесу жақын арада, мүмкін келесі аптада тағы бір кездесуге ұласады деп үміттенетінін айтты.

Ресей мен Украина арасындағы шайқастарды тоқтату үшін бейбіт келісімге келудің мүмкіндіктері туралы сұраққа Гутерриш сәрсенбідегі оқиғалар өте жігерлендіретін белгі болғанымен, әлі "жол ұзақ" деді.

Reuters бұған дейін Украина "Жібек жолы" жүк кемесін ұстап, қамауға алуды сұрап Түркияға жүгінгенін жазды. Ол Ресей басып алған Бердянск портынан экспортталатын Украина астығын Ресей туы астында тасымалдаған.

"Қазақстан теміржолы" астық сату жөніндегі мәміле эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында жасалғанын түсіндірді. Еуропада тіркелген компания сатушы мәміленің заңдылығын мәлімдейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети