Украинадан дәрі-дәрмек жеткізуде мәселе туындады - ДСМ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинадан дәрі-дәрмек жеткізуде мәселе туындады - ДСМ Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Украинадан Қазақстанға дәрі-дәрмек жеткізудегі проблемалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Украинадан Қазақстанға дәрі-дәрмек жеткізудегі проблемалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бүгінде Еуропа, Ресей және Беларусь елдерінен Қазақстанға дәрі-дәрмек жеткізуде еш қиындық жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, барлық жеткізуші тауарды шарт міндеттемелеріне сәйкес жеткізуге міндеттеледі.

"Бүгінде проблема Украинаға қатысты. Бұл ретте Украинадан дәрі-дәрмектің 25 түрін ғана сатып аламыз, олар жеткізілді, бұл 40 пайыз. Алдағы уақытта жеткізу мәселесі бар, бұл мәселені заңнама аясында қарастырамыз", - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Бұл ретте денсаулық сақтау министрі Қазақстанға дәрі-дәрмектің басым бөлігі Еуропадан жеткізілетінін, ал 10 пайызға жуығы Ресей, Беларусь және Украинадан жеткізілетінін нақтылады. Сондай-ақ, ол бүгінде елімізде барлық қажетті дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети