Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау: Атыраудан Польшаға алғашқы рейс ұшты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау: Атыраудан Польшаға алғашқы рейс ұшты Фото: elements.envato.com

Қазақстандықтарды эвакуациялауға арналған алғашқы рейс Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарды эвакуациялауға арналған алғашқы рейс Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Украинадағы жағдайға байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Украинадағы және Польшадағы елшіліктері, сондай-ақ "Эйр Астана" әуекомпаниясымен Украинадағы Қазақстан азаматтарына рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтаған.

"Сонымен, Қазақстан азаматтарын экспорттауға арналған алғашқы KS 2203 рейсі 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9:53-те Атыраудан Катовицеге (Польша) ұшты. А321 типті ұшақ (сыйымдылығы 179 орын).

Катовицеден Атырауға ұшу уақыты Катовице уақытымен 28 ақпанда таңғы сағат 10:30-ға жоспарланған", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі және еліміздің Украина, Польша, Молдова, Беларусь пен Ресейдегі дипломатиялық мекемелері қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтаруды ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастырып жатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети