04 тамыз 2015 13:01

Ұландық жауынгерлер ЕХРО-2017 көрмесіне байланысты жаңа киім үлгісін киді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты 5573 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан жауынгерлері кезекті қызметтерін жаңа киім үлгісінде бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты 5573 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан жауынгерлері кезекті қызметтерін жаңа киім үлгісінде бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз хабарламасында Астана бойынша қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскерилер үшін жаңа киім үлгісі ең алдымен қалалық жағдайда қызмет атқаруға ыңғайлылығымен ерекшеленіп отырғаны жазылған.

"Ұлттық ұланның жедел және арнайы моторландырылған бөлімдері ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетуді жүзеге асырады. Бүгінде көше тәртібін қадағалаушы ала форма киген жасақтарға қоғамның көзі үйренген. Ұры-қарылардан зардап шеккендер немесе көше бұзақыларынан зәбір көргендер, сондай-ақ тосын жағдайлар мен заңсыздықтарға кезіккен ел азаматтары қысылтаяң сәттерде әскери жасақ жауынгерлерінің көмегіне жүгінеді. Көше қиылыстары мен аулаларда тәртіпсіздіктің алдын алып жүретін ұландық сарбаздар бүгінде ішкі тыныштықтың сақталуына қомақты үлес қосып отыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қоғамдық тәртіп күзетін атқаратын жауынгерлерді ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында жаңа киім үлгісіне көшіру қарастырылған болатын. Осы нысанға көпшіліктің көзін үйрету мақсатында, жауынгерлер бүгін әскери қалашық алаңында арнайы сап түзеді. Экипировкасы қошқыл-көк түсті патрульдік қызмет атқаруға арналған киім топтамасына жазғы кепка, шалбар, жейде, костюм және футболка кіреді. Топтама, сондай-ақ, былғары жарақтармен толықтырылған.

Әзірше жаңаша киімге Ұлттық ұланның Астана және Алматы гарнизондарына қарасты әскери бөлімдері ғана қол жеткізіп отыр. Алайда, еліміздің облыс орталықтары мен басқа да қалаларында патрульдік қызмет атқаратын әскери бөлім жауынгерлерін 2016 жылдан бастап толық көлемде жаңаша киіндіру жоспарланған. Әлем назарын тіккен айтулы шара кезінде ұландықтар жауынгерлік қызметті дизайны тартымды, қалалық жағдайда қызмет атқаруға әлдеқайда ыңғайлы етіп тігілген формада атқаратын болады. Мұндай киім үлгісін қазір Еуропаның көптеген қалаларындағы әскерилердің үстінен көруге болады.

Айта кетейік, жоғарыда айтылған патрульдік-бекеттік қызметті атқару үшін күн сайын патрульдік бағыт жасақтарына әскерден 5 мыңнан аса әскери қызметші бөлінеді. Олар күн сайын ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің, қоғам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар маңызды мемлекеттік нысандарды күзетеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық ұланның әскери жасақтары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету барысында 30 мыңнан аса заң бұзушылықтарды әшкереледі. Сонымен қатар 124 қару түрлері тәркіленді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети