01 шілде 2019 | 09:51

Ұландықтар Арыстағы қызметін аяқтап, Шымкенттегі әскери бөлімдеріне оралды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook/ Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы © Facebook/ Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы

Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің жеке құрамы жауынгерлік жағдайда қызмет атқарған. Оқиға болған күні дабылмен көтерілген әскерилер Арысқа сол күні жетіп, қала жұртшылығына шұғыл көмекке барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің жеке құрамы жауынгерлік жағдайда қызмет атқарған. Оқиға болған күні дабылмен көтерілген әскерилер Арысқа сол күні жетіп, қала жұртшылығына шұғыл көмекке барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, ұландық офицерлер мен сарбаздар құрамы тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындардың қараусыз қалған заттарын ұрланып, тоналып кетпес үшін күзеткен. Осыған байланысты өз міндетін мінсіз атқару арқылы өнеге көрсеткен бірқатар офицерлер мен сарбаздар марапатталды. 

"Атап айтқанда, Абай атындағы мектеп-интернаттың саптық алаңында өткен марапаттау шарасында Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы генерал-майор Андрей Қаскеленов пен 6505 әскери бөлімінің командирі полковник Қайрат Үмбетов Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Жақсылықовтың арнайы бұйрығы негізінде тағайындалған "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" кеуде белгісімен және Грамотасымен және әскери бөлім командирінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, бірқатар әскерилерге естелік сый ретінде Ұлттық ұлан логотипімен шығарылған қолсағат табысталды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, ұландық жауынгерлер Арыс қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында 8 қырағылық үлгісін көрсетіп, стратегиялық нысандардағы жарылыс қаупі жоғары оқ-дәрілерді анықтауға, тізімін жасауға және оны жоюға атсалысты.

Еске салсақ, 28 маусымда таңертең сағат 6:00-де Арыс қаласынан көшірілген тұрғындар үйлеріне қайтарылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыс қаласының аумағын снарядтар мен дезинфекциядан тазарту жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети