Ұланғасыр Қамиев даулы пікірі үшін жазалана ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұланғасыр Қамиев даулы пікірі үшін жазалана ма? Әлеуметтік желі

Алматы қаласының полиция департаменті әнші Ұланғасыр Камиевтің даулы мәлімдемесінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамын анықтаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының полиция департаменті әнші Ұланғасыр Камиевтің даулы мәлімдемесінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамын анықтаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ПД дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізілгенін растады. Алайда, әншінің іс-әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық анықталмаған. Сонымен қатар, болашақта ықтимал құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында барлық құқықтық аспектіні түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді.

"Полиция департаменті барлық азаматты заң нормаларын сақтауға шақырады және қоғамдағы құқықтық сананың маңыздылығын еске салады", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі әнші Ұланғасыр Камиевтің даулы пікірінен кейін тексеруді бастағаны белгілі болды. Әртіс әлеуметтік желіде отбасыдағы зорлық-зомбылықтың себебі туралы айтып, қоғамның қызу талқысына түскен болатын. Әншінің сөздері желіде қатты сынға ұшырады. Қазақстандықтар әртіс қылмыскерлерді ақтап, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәні құрбанға жүктейді деп санады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети