Үлкен Алматы өзеніндегі су қызыл түске боялды: Сараптама нәтижесі шықты

Видеодан алынған кадр

Алматы ?алалы? ?о?амды? денсаулы? са?тау департаментіні? мамандары ?лкен Алматы ?зенінде ?ызыл т?ске боял?ан су бойынша ж?ргізілген тексерісті? н?тижесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары Үлкен Алматы өзенінде қызыл түске боялған су бойынша жүргізілген тексерістің нәтижесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске сала кетейік, мұның алдында қызыл түске боялған суға сараптама жасалатыны хабарланған болатын. "(...) Талдау жүргізу үшін судың сынамасын алдық. (...) Өзен маңындағы барлық нысандарды қарап шықтық: типографиялар, техникалық қызмет көрсету орталығы, лак-бояу материалдарын сататын компаниялар, - деп хабарлаған еді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

"Судың құрамында уландырғыш және химиялық элементтердің бар-жоғына қатысты сараптама жүргізілді. Судың құрамынан бұл заттар табылмады", - деді Айзат Молдағасымова.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Алматы қалалық Экология департаменті басшысының орынбасары Данияр Құрманбеков біреу өзенге бояу лақтырған болуы мүмкін деп болжаған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама