Үлкен Алматы өзенінде қызыл түске боялған суға сараптама жасалады

21 Мамыр 2018, 14:36
0
Үлкен Алматы өзенінде қызыл түске боялған суға сараптама жасалады - © instagram.com/zhest_kz/
© instagram.com/zhest_kz/

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері Үлкен Алматы өзеніндегі судың қызыл түске боялуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, судың сынамалары талдауға алынды.

"Таңғы сағат 8-де өзен маңын тексеріп шықтық. Талдау жүргізу үшін судың сынамасын алдық. Бұл судың нақты қай жерде аққанын анықтау мақсатында видео авторымен байланысқа шығуға тырысып жатырмыз. Әрине, видео жалған болып шықпаса. Өзен маңындағы барлық нысандарды қарап шықтық: типографиялар, техникалық қызмет көрсету орталығы, лак-бояу материалдарын сататын компаниялар. Ертең зерттеу нәтижелері дайын болады деп ойламын, ал судың бактериологиялық құрамына жүргізілген талдау қорытындысы үш күннен соң белгілі болады", - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Үлкен Алматы өзеніндегі судың қызыл түске боялғаны түсірілген видео таралған еді. "Бұл шамамен сағат 19.30-да түсірілген. Біз балконда тұрдық, содан ұлым судың қызыл түске айналып кеткенін байқады. Басында күн батқан соң бізге солай көрініп тұрған шығар деп ойладық. Ұлым бірден далаға қарай жүгіріп кетті, су расында да қызыл болды. АДК сауда орталығының маңында тұрамыз, Сәтбаев көшесінен жоғары Үлкен Алматы Өзенінің бойында", - деген еді алматылық тұрғын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай