26 шілде 2018 17:15

Үлкен Алматы арнасында кілем жуған әйел суға батып кетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorvesti.ru © gorvesti.ru

Үлкен Алматы арнасында кілем жуған әйел суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.


Үлкен Алматы арнасында кілем жуған әйел суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылы 23 шілдеде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Алматы - Есік автожолында болған.

Қайғылы оқиға жайлы хабарлама сағат 17.19-да түскен. Сол уақыттан бері қаза тапқан адамның денесін іздестіру жұмысты жүрген.. Іздестіруге жедел құтқару жасағы, өрт сөндірушілер, АІІБ және әкімдік қызметкерлері қатысып жатыр. 

Оқиға кезінде 32 жастағы әйелдің жанында күйеуі болған. Алайда ер адам оны құтқара алмаған. Себебі әйел жүзе алмайды екен.

"Каналдың тереңдігі 2 метр және су ағыны қатты. Еске салайық, ҮАК шомылуға немесе кілем жууға арналмаған, онымен егістік суғарады. Іздестіру топ туысқаны көрсеткен су аумағында сүңгіп, ағыс бойынша 18 шақырымға жуық жерді тексеріп шықты", - деп хабарлайды ТЖК өкілдері.

Әйелді іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. ҮАК-да су деңгейі азайтылды, кейбір аудандарда су бір метрге дейін тартылды. 

"Батып кеткен әйелдің туыстарына шлюздарды тексеру талап етілді. Бірақ су ішіне сүңгудің қауіпсіздік техникасына байланысты бұл орындалмады", - деді ТЖК өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети