25 шілде 2022 | 13:01

Үлкен Алматы айналма жолы құрылысы қалай жүргізіліп жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы төңірегінде үлкен айналма жол құрылысы жалғасып жатыр. Жол жасаушылар Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Үлкен Алматы айналма жолы (ҮААЖ) құрылысы қай кезеңде екенін айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы төңірегінде үлкен айналма жол құрылысы жалғасып жатыр. Жол жасаушылар Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Үлкен Алматы айналма жолы (ҮААЖ) құрылысы қай кезеңде екенін айтып берді.

Үлкен Алматы айналма жолы 66 шақырымға созылады. ҮААЖ асфальтбетон, сондай-ақ модификацияланған полимер битумы бар қиыршық тас асфальттан салынады. Шілденің аяғына дейін құрылысшылар 53 шақырымға кеуекті асфальтбетон, осы көлемде тығыз асфальтбетон және 10 шақырымға жуық қиыршық тасты асфальт төсеп үлгерген. 

"Асфальт учаскелерге бөлініп төселді, өйткені көпірлер мен жол өтпелерін салу орындары бар. Қазір асфальт төсеу жұмыстары 5-20, 23-31, 33-34, 35-45 және 47-66-шақырымдарда аяқталды. Сондай-ақ, ҮААЖ-дың Қапшағай трассасымен, сондай-ақ Құлжа және Талғар тасжолдарымен қиылысында салынып жатқан көлік жолайрықтарына бұрылысқа асфальт төселді", - деді жол құрылысымен айналысатын "ҮААЖ Инвестициялар және операциялар" компаниясы өкілдері.

ҮААЖ-ды екі базаға – шығыс және батысқа бөлінген бірнеше бригада салып жатыр. Қазіргі уақытта асфальттың көп бөлігі жобаның шығыс бөлігінде, 33-66 шақырым аралығында төселді.

Барлығы 40 көпір мен өткел салынады. Оның ішінде бір эстакада теміржол үстінен, екіншісі оның астынан салынып жатыр. Қазірдің өзінде 38 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Оның 22-сіне асфальтбетон жабыны төселген.

Құрылыс барысын индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов та тексеріп қайтқан. Ол Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовқа бірқатар тапсырма жүктеді. Вице-министр 2022 жылдың аяғына дейін ҮААЖ бойынша негізгі жұмыстарды аяқтау үшін құрылыстың жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, барлық айналма жол бойында динамикалық таразы жүйесі (WIM) қолданылады. Технология көліктердің салмағы мен өлшемдерін өлшеуге мүмкіндік береді.

"ҮААЖ-дың негізгі пайдаланушылары ауыр жүкті транзиттік көліктер болады. Сондықтан автоматтандырылған өлшеу жүйесін енгізу жолдың қызмет ету мерзімін айтарлықтай арттырады. Сарапшылар пікірінше, ҮААЖ құрылысы мегаполис көшелеріндегі ағынды 60 пайызға жеңілдетіп, экологиялық жағдайды жақсартады, - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Көпірлерді салу жұмыстары 96 пайызға орындалғаны атап өтілді. Құрылысты аяқтау мерзімі 2023 жылға жоспарланған.

Еске салайық, ҮААЖ Қаскелең іргесіндегі Қырғауылды ауылынан басталып, Талғар маңындағы Қызылқайрат ауылында аяқталады. Маршрут Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 14 елді мекен арқылы өтеді. Магистраль Батыс Қытай – Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі буынына айналуы тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети