Үлкен Алматы айналма жолын пайдалану: ең жоғары жылдамдық, жеңілдіктер мен қызмет

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үлкен Алматы айналма жолын (ҮАААЖ) пайдалану туралы мәліметтерді жариялады. ҮАААЖ-ға іргелес жатқан аудандардың тұрғындарына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Бұл - Талғар, Іле және Қарасай аудандарының тұрғындарына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үлкен Алматы айналма жолын (ҮАААЖ) пайдалану туралы мәліметтерді жариялады. ҮАААЖ-ға іргелес жатқан аудандардың тұрғындарына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Бұл - Талғар, Іле және Қарасай аудандарының тұрғындарына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҮАААЖ-ға ай сайынғы немесе жылдық жазылымды әкімдікте немесе әр аудандағы арнайы ХҚКО-да сатып алуға болады. ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтиярдың айтуынша, жол ақысы оның құрылысына жұмсалған қаражатқа қарай есептеледі.

"Инфляцияның жыл сайынғы өсімі ескерілді. Салынған қаражатты инвесторға қайтаруға міндеттіміз. Оның үстіне Талғар, Іле, Қарасай аудандары әкімдерінің пікірін тыңдап, әсіресе жергілікті тұрғындарға жеңілдіктер жасадық. Жалпы, бағасы қолжетімді. Ал ауыр жүк көліктерінің бағасын қайта қараймыз", - деді Бақтияр Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі барысында.

"Артықшылық беру механизміне сәйкес, ай сайынғы немесе жылдық жазылымды әр ауданның әкімдігінде немесе арнайы ХҚКО-да сатып алуға болады. Артықшылықтарды пайдалану үшін RFID белгілері желімделеді. Сондай-ақ, алдын ала төлем негізінде төлеуге немесе сапарыңыздан кейін 7 күн ішінде төлеуге болады. Белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, егер көлік рұқсат етілген өлшемдерден асып кетсе, ақпарат дереу ИИДМ-ге жіберіледі", - деп түсіндірді "ҮАААЖ инвестиция және операциялар" ЖШС жолдарды пайдалану және күтіп ұстау бөлімінің басшысы Нұрланбек Өмірбаев.

Көлік бұзылған жағдайда ҮАААЖ қызметкерлері жүргізушілерге көлікті жақын жердегі тұраққа тегін жеткізуге көмектеседі.

Сондай-ақ, ИИДМ Алматы автобанындағы максимал жылдамдыққа қатысты ақпаратты жариялады.

"Үлкен Алматы айналма жолында сағатына 140 шақырым жылдамдықпен қозғалыс қамтамасыз етілген. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жол бойына бейнебақылау камералары орнатылды. Сондай-ақ, азаматтардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы үшін байланыс орталығының арнайы тегін нөмірі 2277 жұмыс істейді", - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліг3 хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro