Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы: тұрғындар жолды жауып тастады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы: тұрғындар жолды жауып тастады

Алматымен шекаралас ауыл тұрғындары Үлкен Алматы айналма жолы құрылысына кедергі жасамақ болды. Олар техника өтетін жолды жауып, қалаға өтуге кедергі болатын жол құрылысына наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматымен шекаралас ауыл тұрғындары Үлкен Алматы айналма жолы құрылысына кедергі жасамақ болды. Олар техника өтетін жолды жауып, қалаға өтуге кедергі болатын жол құрылысына наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бейбітшілік ауылының тұрғындары қалаға өтетін жолды бұзбай, сақтап қалуды талап етеді. Олардың айтуынша, егістік арқылы жол салуға уәде берілген, бірақ ол орындарлмаған.

"Бұл жерде Үлкен Алматы айналма жолы салынып жатыр, біз өтетін жалғыз жол жабылады. Бұл жолға ақша жинадық. Енді жер иелері тіпті өтуге рұқсат бермейді. Айыппұл саламыз дейді", - деді Бейбітшілік тұрғыны Айгүл Нұрмағамбетова.

Ауылда 70-ке жуық отбасы бар. Әр үйде балалар бар. Егер жол жабылса, олар мектепке қалай жететіні белгісіз.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға орнына әкімдік пен әкімшілік өкілдері келгенімен, мәселені шешпеген. Ауыл тұрғындары үлкен магистральдан ауылға шығатын жол салуды сұраған. Бірақ жол мамандарының айтуынша, Үлкен Алматы айналма жолындағы жылдамдықты ескерсе, бұл қауіпті болады.

"Елді мекендер бірден жолға тікелей өтетін жол салуды сұрайды, бұл мүмкін емес. Себебі бұл жолдың орташа жылдамдығы сағатына 140 шақырым. Егер ертең бұған рұқсат берсек, төтенше жағдайлар болады", - деді ҚР ІІМ Жолдар комитеті төрағасының орынбасары Бақтияр Жамбыл.

Талғар ауданының әкімдігі ауыл тұрғындары үшін Үлкен Алматы айналма жолға параллель жол салуды жоспарлап отыр, бірақ оған шамамен 177 миллион керек. Әкімдік қазірдің өзінде бюджеттік өтінім берген, бірақ ауылға жаңа жолдың қашан салынатыны белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети