Ұлттық банк 2023 жылғы тамыздағы ақша-несие саясаты туралы баяндама жариялады, онда қазақстандықтардың табысы көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк 2023 жылғы тамыздағы ақша-несие саясаты туралы баяндама жариялады, онда қазақстандықтардың табысы көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы реттеушінің мәліметінше, 2022 жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы айына 154 мың теңге болған. Ал медианалық табыстың шамасы 2,5 есеге төмендеп, 63 мың теңгеге тең болды.
2023 жылғы маусымда орташа айлық табыс аздап өсіп, 174 мың теңге болды. 2023 жылғы 1 тоқсандағы деректерге сәйкес, халықтың 90 пайызында жан басына шаққандағы табыс айына орта есеппен 151 мың теңгеден аспайды.
"Кірістерді бөлудегі теңсіздікті көрсететін Джини коэффициенті 2021 жылдан бастап Қазақстанда теңсіздік дәрежесі айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Халықтың бай және кедей топтары арасындағы табысының ең төменгі айырмашылық екі мұнай өңірінде - Маңғыстау және Атырау облыстарында, сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халық саны көп облыстарда, атап айтқанда Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкентте байқалады. Табыстардағы ең жоғары диспропорция ірі қалаларда, яғни Қарағанды, СҚО, ШҚО және Ұлытау облысында байқалады", - делінген баяндамада.
Ұлттық банктің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан халқының барлық табысының төрттен бір бөлігі - 24,3-елдегі ең бай адамдарға тиесілі: табысы 151,3 мың және 2,97 миллион теңге аралығындағы халық.
"Тұрмыстық жағдайы жоғары халықтың 10 пайызының табысындағы елеулі өңірлік айырма кезінде тұрмысы төмен халықтың 10 пайызының табысы барлық өңірде бірдей төмен және бір адамға айына 35-45 мың теңге диапазонында ауытқиды", - делінген баяндамада.
Ұлттық банк жалақының жоғары деңгейі аймақтағы ақшалай табыстың жоғарылауына әкелмейтінін атап өтті.
"Атырау және Маңғыстау облыстарындағы ең жоғары жалақысына қарамастан халықтың ақшалай табысы ел бойынша ең төмен. Бұл осы аймақтардағы өнеркәсіп құрылымына және вахталық қызметкерлердің жоғары үлесіне байланысты. Елдің қалған аймағының көпшілігінде жалақы республика бойынша орташа деңгейден төмен.
Елдің "кедей" аймағының көпшілігінің ортақ сипаттамасы - еңбекке жарамсыз халықтың жоғары үлесі, яғни бала мен зейнеткер көп. Алайда халықтың осы санатының үлкен үлесіне қарамастан, "кедей" өңірдегі халықтың ақшалай кірісіндегі трансферттің үлесі орташа республикалық деңгейден аспайды", - делінген қаржы реттеушісінің баяндамасында.
Мұндай жағдайдың себебі зейнеткерлерге қарағанда балалар тарапынан демографиялық жүктеменің көп болуының салдары болуы мүмкін.
"Кейінгі жылдары халықтың материалдық жағдайының біршама нашарлағанын атап өтуге болады. Бұл трансфертке көбірек тәуелділікке әкелетін елдегі демографиялық процестің де, сатып алу қабілетін төмендететін жоғары инфляцияның да салдары. Осылайша, азаматтардың материалдық жағдайын жақсартудағы маңызды қысқа мерзімді міндеттердің бірі инфляцияны 5 пайызға дейін төмендету", - деді монетарлық реттеуші.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!