Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға байланысты екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға байланысты екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстандағы инфляция 2022 жылдың наурызында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап шарықтау шегіне жетіп, бір айда 8,7 пайыздан 12 пайызға дейін өсті. Инфляцияға ең көп үлес қосқан азық-түлік тауарлары болды, олардың бағасының өсуі 10 пайыздан 15,4 пайызға дейін жеделдеді, бір айда инфляция 5,8 пайызға өсті", - деді Ұлттық банк басшысы Үкімет отырысында.
Пірматовтың айтуынша, жылдық бағаның айтарлықтай өсуі байқалған тауарлар: ақ қырыққабат, қант, картоп, қызанақ.
"2022 жылғы наурыздың төртінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 18,6 пайызға дейін өсті. Бұл өсімге наурыздың екінші аптасында белгілі бір азық-түлік тауарларына сұраныстың күрт артуы ықпал етті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының апта сайынғы өсуі наурыздың соңғы аптасында 1,3 пайыз, сәуірдің бірінші аптасында 0,9 пайыз болып, тұрақталып келеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы айырбас бағамының төмендеуіне байланысты қысымға ұшырады және азырақ байқалды. Ол наурызда 8,6 пайыздан 10,9 пайызға дейін өсті", - деп толықтырды Ұлттық банк басшысы.
Оның айтуынша, ақылы қызмет көрсету бағасы 7,1 пайыздан 8,3 пайызға дейін өскен, бұл бірқатар нарықтық қызмет бағасының өсуіне байланысты.
"Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардан алдын алу шараларын қабылдау және маусымдық бағаның өсуіне жол бермеу талап етіледі.
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін бөлшек сауда үстемесінің сақталуын тиімді бақылау қажет", - деп қосты Пірметов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!