09 қыркүйек 2016 10:59

Ұлттық банк басшысы Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақының доллармен берілгенін жақтыртпады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Президентке экономиканың дедолларизациялануы бойынша баяндады. 

"(...) Сананы дедолларизациялау бойынша да белгілі бір қадамдар жасалды. Мәселен, бағаны теңгеден өзге валютада көрсетуге тыйым салынды, интернет-сайттарда жылжымайтын мүліктер мен автокөліктер теңгемен көрсетілген. Шетел валютасын тауар мен қызмет көрсетуде қолдануды заң бойынша жоюды жалғастыру керек, әсіресе жарнамада", - деп мәлімдеді Ақышев. 

"Сөз сөйлеген кезде, мемлекеттік органдарның ақпараттарында шетел валютасын қайсыбір эквивалентінде қолдануға тыйым салу керек. Тек ұлттық валютада көрсетуге мүмкіндік болмайтын кезде немесе елдер арасындағы салыстыруларда шетел валютасын қолдану керек. Сананың дедолларизациясының бір мысалы - Олимпиададағы жүлдегерлерімізге шетелдік валютамен сыйақы беру, біз мұны теңгемен де көрсете алар едік. Теңгемен өмір сүріп, теңгемен ойлауға ұмтылу ақпараттық бағыттың бірі болуы тиіс, біз мұны Президент әкімшілігімен және үкіметпен бірге жүзеге асыруымыз керек", - деді Ұлттық банк басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети