Ұлттық банк басшысы отбасылық бюджеті туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк басшысы отбасылық бюджеті туралы айтты Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтен отбасында ақшаны кім ұстайтыны және Қазақстанда тамақ қымбаттағанын біліп-білмейтіні жөнінде сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтен отбасында ақшаны кім ұстайтыны және Қазақстанда тамақ қымбаттағанын біліп-білмейтіні жөнінде сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отбасылық бюджеттің көп бөлігін жұбайым ұстайды. Себебі, біріншіден, ол декретте отыр, уақыты көбірек. Қайдан сатып алу керек, не сатып алу керек, қалай арзанырақ алу керек, бару немесе онлайн тапсырыс беру - бәрін жақсы біледі", - деп жауап берді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы мұның қазақы менталитеттің ерекшелігі екенін айтты.

"Бұл - қалыпты нәрсе. Шығынды бақылап отырамыз, ештеңе білмейді деуге де келмейді. Бірақ күн сайын "Қанша жұмсадың? Қандай сүт сатып алдың, қанша пайыз майлы?" деген әңгіме жоқ. Менің ойымша, бұл - рөлдерді дұрыс бөлу", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети