13 қаңтар 2023 | 14:41

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім инфляцияның Ұлттық банктің болжамдарына сәйкес келуіне байланысты қабылданған.

"Ішкі және сыртқы инфляциялық процестер динамикасы, сондай-ақ экономикалық өсу траекториясы Ұлттық банк болжамының базалық сценарийіне сәйкес қалыптасып жатыр. Айлық инфляция біртіндеп баяулап келеді, бірақ ол өзінің орташа жылдық мәндерінен жоғары күйінде қалып отыр. Инфляциялық тәуекелдердің балансы проинфляциялық күйін сақтап қалды, себебі инфляцияның орнықты бөлігі жоғары қалыптасып, инфляциялық күтулер қарқын алды. Логистикалық тізбектердің құрылымдық өзгеруі экономикаға теріс ықпалын тигізіп келеді. Сақталып отырған тәуекелдер базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт ішінде ағымдағы мәндерде ұстап тұруды талап етеді", - делінген хабарламада.

Инфляция Ұлттық банктің болжамына сәйкес қалыптасып отыр. Базалық мөлшерлеме жөнінде келесі шешімді қабылдаған кезде 2023 жылғы ақпандағы раунд нәтижесі бойынша жаңартылған болжам ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 24 ақпанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети