Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау, сондай-ақ инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негіз болды. Геосаяси жағдай мен оның салдарының белгісіздігіне, сондай-ақ азық-түліктің әлемдік бағасының жоғары болуына байланысты сыртқы проинфляциялық факторлар сақталып отыр", - делінген ҰБ хабарламасында.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 7 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети