Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14,25 пайыз деңгейінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14,25 пайыз деңгейінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Жылдық инфляция шілдеде өскен соң тамыз, қыркүйекте байыппен төмендеуін жалғастырды.

"Айлық инфляция орташа тарихи мәндерден және көктем кезі мен жаз басында байқалған деңгейлерден жоғары қалыптасып отыр. Инфляцияның орнықты бөлігі төмендеп келеді, бірақ оның қарқыны әлі де баяу. Қыркүйек айында халықтың инфляциялық күтулері өсті. Сыртқы ортаның тәуекелдеріне әлемдік нарықтардағы азық-түлік бағасының өсуі және Ресейдегі жоғары инфляция жатады. Экономика ішіндегі проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тарифтердің өсуінің жалғасуы, орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ инфляциялық күтулердің артуы есебінен сақталып отыр".

Ортамерзімді перспективада инфляция бойынша 5 пайыз мақсатқа қолжеткізу ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді. Тәуекелдер балансы проинфляциялық жаққа ығысып отыр. Инфляцияның орнықты бөлігі тұрақты түрде төмендесе және фискалдық алшақтықты қаржыландыру мәселесі тиімді әрі жүйелі шешімін тапқан жағдайда базалық мөлшерлемені байыппен және теңгерімді түрде төмендетуге мүмкіндік болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети