Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

11 сәуірде Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол 16,5 пайыз деңгейінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

11 сәуірде Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол 16,5 пайыз деңгейінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

"Инфляцияға әсер етуші факторлардың тепе-теңдігін, оның қазіргі қарқынын, сыртқы ортадағы проинфляциялық үрдістер мен белгісіздік деңгейін ескере отырып, алдағы шешімдер аясында базалық мөлшерлемені төмендетуге алғышарттар әзірге қалыптасқан жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Базалық мөлшерлеме - коммерциялық банктерге Ұлттық банк қысқамерзімді несиелер беретін және коммерциялық банктерден депозиттер қабылдайтын пайыздық мөлшерлеме. Ол азаматтарға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемені белгілеуде маңызды рөл атқарады, елдегі инфляция деңгейіне де әсер етеді.

Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме - ел экономикасы мен банк секторы үшін негізгі бағыт. Оның мөлшерін Ұлттық банк белгілейді: арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, базалық мөлшерлеме - елдің ақша-несие саясатының негізгі құралы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети