Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негізінде қабылданғаны айтылды.
"Сыртқы ортаның проинфляциялық қысымы бәсеңдеп келеді. Әлемдегі инфляция, атап айтқанда, сауда-серіктес елдердегі инфляция қуат көзі мен азық-түліктің әлемдік бағасы төмендегендіктен, баяулай бастағынын көрсетіп отыр. Тұрақты нақты айырбастау бағамы аясында сыртқы бағалардың мейілінше баяу өсуі елдегі инфляцияның бәсеңдеуіне қолайлы жағдай жасап отыр.
Қазақстанда проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тұрақты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер, сондай-ақ жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) бағасының өсуі мен күтілетін тұрғын-үй коммуналдық қызмет (ТКҚ) тарифтерінің көтерілуі тарапынан сақталып отыр", - делінген хабарламада.
Осылайша, қазіргі уақытта сыртқы инфляция тарапынан қысымның әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы дезинфляциялық факторлар жағына аздап ығысты. Бұл 2022 жылғы қыркүйектен бастап инфляцияның тұрақты бөлігіндегі көрсеткіштердің баяулауын қоса алғанда, осы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлеменің біртіндеп және баяу төмендеуіне мүмкіндік тудыруы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!