05 маусым 2017 | 18:26

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,5 пайызға төмендетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

Бүгін Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені симметриялы +/-1 пайыздық мөлшерлеме дәлізімен 11 пайыздан 10,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлеме 11,5 пайызға дейін, ал өтімділікті алу операциялары бойынша 9,5 пйызға дейін төмендетілді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында телевизиялық БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені симметриялы +/-1 пайыздық мөлшерлеме дәлізімен 11 пайыздан 10,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлеме 11,5 пайызға дейін, ал өтімділікті алу операциялары бойынша 9,5 пйызға дейін төмендетілді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында телевизиялық БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол 2017 жылғы 10 сәуірде Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін белгілегенін еске салды. "Мөлшерлеме төмендетілуі мүмкін болатын жағдайлар расталды. Сонымен қатар ішкі экономика күткендегіден жылдам қарқынмен қайта қалпына келуде, - деді Ақышев. - Мөлшерлемені төмендету туралы шешім экономика үшін ішкі нарықтың ақша-кредит саясатына жауап қатуымен де, ең маңыздысы мұнай бағасы мен Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің айырбастау бағамы саясаты болып табылатын сыртқы күйзелістермен де байланысты тәуекелдердің оңтайлы теңгерімін көрсетеді". 

Оның айтуынша, "жағымсыз күйзелістер болмаған жағдайда экономиканың дамуының базалық сценарийінің іске асырылуы алдағы 12 айда базалық мөлшерлеменің төмендеу үрдісінің жалғасуына жағдай жасайды".

"Мөлшерлеменің одан әрі өзгеру жиілігі, жылдамдығы және көлемі инфляцияның нақты серпінінің нысаналы және
болжамды көрсеткіштерге сәйкес келуі сияқты көрсеткіштермен, сондай-ақ депозит және кредит нарығының және тұтастай алғанда қаржы нарығының индикаторларымен айқындалатын болады. Нақты көрсеткіш бойынша базалық мөлшерлеме, яғни инфляцияның таргеттелетін деңгейін шегергендегі номиналдық мөлшерлеме Ұлттық Банк
үшін маңызды бағдар болады. Оны 4%-дан асырмай, яғни экономиканың ұзақ мерзімді әлеуетті өсу қарқынымен сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру жоспарланып отыр",  деп хабардар ете келе, "Қазақстан экономикасы үшін қолайсыздау сценарий жағдайында базалық мөлшерлемеге қатысты айтарлықтай консервативті тәсіл іске асырылатын болады" - деп атап өтті ҚРҰБ басшысы.

Бұл ретте Данияр Ақышев Ұлттық Банктің алдын ала белгілі уақытша сипаттағы инфляцияны төмендету үшін кредиттік талаптарды қатаңдату арқылы, атап айтқанда, ұсыныстар жағындағы шығасылардың өсуімен байланысты және ақша-кредит саясаты тұрғысынан автономды сипаттағы инфляцияға ден қоюды негізді деп санамайтынын атап өтті.

"Сұраныс жағында қолданылатын монетарлық талаптарды өзгерту болашақтағы жоспарланған инфляцияға тікелей әсер етпейді. Сонымен қатар, Ұлттық Банк өз шешімдерінде ұзақ мерзімді болашақтағы ақша-кредит саясатының пәрменділігін шектей алатын кредит талаптарының тұрақсыздығымен байланысты тәуекелдерді де ескереді. Артық өтімділікке қарамастан, банк капиталының шектеулігі қорландыру құнына қарағанда, кредиттің ұсынылуын шектейтін айтарлықтай маңызды фактор болып табылады", - деді Д. Ақышев. 

Оның айтуынша, базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 17 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де жарияланатын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети