17 қараша 2020 16:48

Ұлттық банк Bloomberg-те теңге туралы жарияланған мақалаға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Bloomberg-тің Қазақстандағы шетел валютасымен жасалатын мәмілелердің шектеулері туралы мақаласына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Bloomberg-тің Қазақстандағы шетел валютасымен жасалатын мәмілелердің шектеулері туралы мақаласына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Bloomberg басылымы Қазақстанның Ұлттық Банкі осы жылы мұнай құлдырауы аясында валютаның тым қатты әлсіреуінің алдын алу үшін доллар бойынша кейбір мәмілеге араласқанын мәлімдеген болатын.

"Біріншіден, Ұлттық банк ұлттық валютаның еркін айналымда болуын ұстанатынын айтқым келеді. Биылғы сыртқы күйзелістерге жауап ретінде теңге бағамының өзгеруі олардың біздің экономикамызға теріс әсерін тигізуге мүмкіндік берді.

Екіншіден, сыртқы күйзелістерді іске асыру және кей факторлардың бұрын-соңды болмаған нашарлауы жағдайында Ұлттық банк пен Үкімет валюта нарығындағы қысымды төмендету және оның теңгерімін арттыру үшін шаралар қабылдады", - деді Әлия Молдабекова.

Сондай-ақ, ол квазимемлекеттік сектор компаниялары өздерінің валюталық операцияларын Ұлттық банкпен келісуі тиіс екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети