Ұлттық банк қазақстандықтарға әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сыртқы түрі нақты теңгеге ұқсас өнімдердің таралуы туралы ескертті. Реттеуші қолма-қол ақшаны мұқият тексеруге және арнайы жазуларға назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық банк кейінгі кездері интернетте ұлттық валютаны имитациялайтын полиграфиялық өнімдерді сату туралы жарнамалық хабарландырулар тарап жатқанын хабарлады.
Сөз сыртқы түрі нақты теңгеге ұқсас, бірақ арнайы жазулары бар банкноттар туралы болып отыр, атап айтқанда:
- "ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!";
- "НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ".
"Осыған байланысты, қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде банкнотадағы жазуларға айрықша назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеріп алған жөн", - делінген хабарламада.


Қай банкноттар жиі қолдан жасалады?
Ұлттық банк мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда жалпы соммасы 259 400 теңге болатын 57 қолдан жасалған ақша белгісі, 49 банкнот және 8 монета анықталған. Бұл 96 жалған ақша табылған былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,4 пайызға аз.
Қаскөйлер көбінесе мыналарды қолдан жасаған:
- 2 000 теңгелік банкноттар - 22 жағдай;
- 10 000 теңгелік банкноттар - 16 жағдай;
- 5 000 теңгелік банкноттар - 11 жағдай.
Қалған бөлігі қолдан жасалған монеталарға тиесілі.
Жалған ақшаны қалай ажыратуға болады
Ұлттық банк нақты банкноттардың көзбен көріп және ұстап сезу арқылы анықтауға болатын бірнеше қорғаныс элементтері бар екенін еске салды.
Жалған ақшаның негізгі белгілеріне мыналар жатады: сутамғы белгісінің болмауы.

Майда жазулар өте бұлдыр болады және үлкейтіп қарағанда оқып тануға келмейді.

Қорғаныш жіптің динамикалық және түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосып қарағанда біртұтас емес екеніне көз жеткізуге болады.

Патч элементінің көлемі жоқ және жай бояумен басып шығарылады.

Күмәнді банкнот табылған жағдайда не істеу керек?
Реттеуші күмәнді банкноттарды пайдаланбауға және олар табылған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.