2021 жылдың 23 ақпанынан бастап "Республика игілігі" монеталар сериясынан MEDEÝ коллекциялық монеталары сатылымға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылдың 23 ақпанынан бастап "Республика игілігі" монеталар сериясынан MEDEÝ коллекциялық монеталары сатылымға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай аясында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "MEDEÝ" коллекциялық монеталарды онлайн-сату және жеткізу Ұлттық банктің интернет-дүкенінің жаңартылған платформасы арқылы жүзеге асады.
"Тапсырыстарды өңдеу белгілі бір уақытты қажет ететіндіктен, монеталарды сату бірнеше күнге бөлінеді", - делінген хабарламада.
Монета дизайнының графикалық тұжырымдамасы бүкіл әлемге әйгілі "Медеу" биік таулы мұз айдынын қоршаған Іле Алатауының жартасты тауларын аллегориялық қабылдау негізінде жасалған.
Монеталар алтын жалатылған күмістен, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, proof сапасымен, таралымы 3 000 (үш мың) данада дайындалды. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.
Монетаның аверсінде орталық бөлігінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY жазбасының, монета номиналын және монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазбалардың қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.
Монетаның ортасында жартасты таулар аясында биік таулы "Медеу" мұз айдынының бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ жиекте мынадай жазулар орналасқан: монетаның соғылған жылы, мұз айдынының ресми ашылған жылы, белгіленген әлемдік рекордтар саны, теңіз деңгейінен биіктігі және мұз айдынының және оның орналасқан жерінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі атауы.
"Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Күмістен жасалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған", - делінген хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында дайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!