20 сәуір 2022 | 12:33

Ұлттық банк өкілі теңгені нығайтуға қандай шара қабылданғанын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мәжіліс депутаттары теңгенің құлдырауы, Ресей рубліне тәуелділігі мәселесін көтерді. Ұлттық банк теңгені нығайтуға қандай шара қабылданып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары теңгенің құлдырауы, Ресей рубліне тәуелділігі мәселесін көтерді. Ұлттық банк теңгені нығайтуға қандай шара қабылданып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық валютаның кезекті күрт әлсіреуі экономикамыздың барлық салаларына кері әсерін тигізді. Бұл инфляцияның өсуіне, сатып алу қабілетінің және халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкелді. Бұл жеке және заңды тұлғалардың депозиттерінен қаражаттың кетуіне, сондай-ақ нақты секторды кредиттеудің қолайсыз аясына алып келді", - деді депутат Қанат Нұров.

Ол пандемия сияқты жаһандық дағдарыстық құбылыстар ғана емес, Ресей рублінің бағасы да теңге үшін соққы болатынын нақтылады.

"Біздің экономикамыз Ресейге тәуелді екенін түсінеміз. Импорттың 42 пайыздан астамы оған тиесілі және біз жақын тұрмыз. Сондықтан мынандай сұрақ туындайды: осы жағдайлардың салдарын жеңілдету үшін қандай жедел, тактикалық, стратегиялық шаралар қолданасыз"- деп сұрады депутат.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін растады.

"Ұлттық банк еркін айырбас бағамы саясатын жалғастырады. Біздің ойымызша, дәл осы режим сыртқы күйзелістерге әсер етпеу және тиімді әрекет етпеу үшін ең қолайлы және қабілетті. Қажет болған жағдайда біз валюталық интервенцияларды жүргізетін боламыз. Біздің валюта нарығына қатысуымыз нарық қағидаттарына негізделетін болады. Біз интервенцияның қай уақытта және неге жүргізілгенін айтамыз. Сондай-ақ, валюта нарығындағы күйзелісті азайту үшін Франкфурт аукционын қолданамыз. Бұл ең қиын кезеңдерде валюта бағамына қысымды азайтуға мүмкіндік береді", - деді Тутушкин.

Оның айтуынша, ұзақ мерзімді жоспарда Ұлттық банк шетелдік инвесторлардың отандық қор нарығына қолжетімділігін жеңілдетеді.

"Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына кіру үшін инфрақұрылым құру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл шетелдік инвесторлардың ішкі нарыққа ақша ағынын қамтамасыз етуге, ұсыныстарды шетел валютасымен толтыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, біздің мемлекеттік бағалы қағаздарымызды JPMorgan халықаралық индексіне қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, бұл мемлекеттік бағалы қағаздарымыздың танымалдылығын және оларға шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылықты арттырады", - деп атап өтті Тутушкин.

Сондай-ақ, оның айтуынша, трансферттерді пайдалануға шектеу енгізіледі.

"Түсінікті бюджет саясаты болады. Тәртіп өсімі тұтыну импортын шектеп, айырбас бағамына қысымды төмендетеді", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети