Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, номиналдық құны 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген купюра Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, номиналдық құны 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген купюра Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған.
Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған: бет жағында бейнелер басым түрде тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Банкноттың басым түсі - көкшіл күлгін.
Банкноттың бет жағындағы негізгі бейнелер: "Қазақ Елі" монументі, Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" бас киімінің бір бөлігі - "Өмір ағашы". Голографиялық металл жолақта астананың көрінісі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің факсимилесі және күннің стильдендірілген бейнесі орналасқан. Қазақстан картасының бейнесі көлбеу бұрышын өзгерткен кезде түсін өзгертетін қорғаныш элементін білдіреді. Картаның бетінде "МӘҢГІЛІК ЕЛ" деген жазба бар. Сонымен қатар Іле Алатауындағы тау тізбегі бейнеленген.
Сол жағында ортасында номиналдың цифрлық бейнеленуі басылған. Жоғарғы оң жақ бұрышында шығарушы банк- "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ", сондай-ақ қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген жазба бар.
Банкноттың сырт жағында негізгі бейне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреті болып табылады. Портрет қағаздың бетінде бедерлікті қамтамасыз ететін және ұстаған кезде сезілетін интаглио (терең басу) әдісімен орындалған. Әлемдік тәжірибеде бұл әдіс банкноттардағы портреттерді орындаған кезде дәстүрлі әдіс болып табылады.
Артқы көріністе Қазақстан картасы бейнесінің аясында "Бәйтерек" монументін қоса алғанда, Астана қаласындағы бірнеше ғимарат бейнеленген. Қызғылт сары қорғаныш үзік-үзік жіп банкноттың көлбеу бұрышына орай түсін өзгертеді. "Подделка банкнот преследуется по закону" деген жазба банкноттың сол жақтағы төмен бұрышында орналасқан.
Басқа ақша белгілерімен қатар, бұл банкнот айналысқа шығарылған сәттен бастап заңды төлем құралы болып табылады, сондай-ақ барлық төлемдер мен ақша аударымдарында қабылдануға міндетті. Таралымы -100 000 дана.
Еске сала кетейік, 15 қарашада Назарбаев бейнеленген жаңа купюра таныстырылған болатын.