Ұлттық банк теңгеге қатысты жағдайды түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк теңгеге қатысты жағдайды түсіндірді Фото:depositphotos.com

Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желтоқсанның қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ долларына шаққанда 505,73 теңгеге дейін, яғни 1,3 пайызға нығайған.

Ал Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір ай ішінде 280 миллион АҚШ долларынан 359 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайған. Сауда-саттықтың жалпы көлемі - 7,9 миллиард АҚШ доллары.

"2025 жылдың қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ долларына шаққанда 525,10 теңгеден 505,73 теңгеге дейін, яғни 3,7 пайызға нығайды. Сауда-саттықтың жиынтық көлемі жылдық есеппен 15 пайызға ұлғайып, 63 миллиард АҚШ долларына жетті", - деп жазылған хабарламада.

Республикалық бюджетке трансферт бөлу, "Талдықорған – Үшарал" магистраль газ құбырын салу жөніндегі жобаны қаржыландыру мақсатында 2025 жылғы желтоқсанда Ұлттық қордан 400 миллион АҚШ долларына валюта сатылған. Бұл жалпы сауда-саттық көлемінің 5 пайызы немесе күніне шамамен 18 миллион АҚШ доллары болады. Жалпы 2025 жылы Ұлттық қордан 8,2 миллиард АҚШ долларына валюта сатылған.

"2026 жылғы қаңтарда Ұлттық қордан 350 миллион АҚШ долларынан 450 миллион АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, 2026 жылғы I тоқсанда шамамен 1,1 триллион теңге баламасында шетел валютасын сату жоспарланып отыр.

Желтоқсанда Ұлттық банк валюта интервенциясын жүргізген жоқ. Сонымен қатар, желтоқсанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ доллары сатып алынған жоқ. Қаңтарда да валюта сатып алу жоспарланбаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.1  course up  598.66  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети