ҚР Ұлттық банкі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ескерткіш монетаны таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық банкі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ескерткіш монетаны таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банктің Facebook желісіндегі парақшасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай естелік монетаның шығарылғаны туралы жарияланды. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта" конференциясында жаңа еескерткіш монетаның шыққаны жайлы хабарлады.
"Биыл біз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз. Бұл - ерекше күн. Бұл - өткенімізге көз тастап, жетістіктеріміз бен жеңістерімізді бағалайтын уақыт. Атқарғанымыз да көп, өзгерістер де көп. Бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалды. Бұл - халқымыз, оның қуаты мен бірлігі, даналығы мен көрегендігі, төзімі мен түсіністігі", - деді Данияр Ақышев.
Ол бұл ескерткіш монетаның негізінде Мәңгілік Ел идеясы жатқанын айтып берді. "Мәңгілік Елдің мызғымас негіздерінің бірі - жалпыұлттық ынтымақ, келісім мен бейбітшілік. Отанымыз бір - ол Тәуелсіз Қазақстан, Еліміз бір - Тағдырымыз бір. Ынтымақ пен келісімге адал халық мыңдаған жылдар бойы тіршілік ете бермек", - деп түсіндірді Данияр Ақышев.
Сонымен қатар, Ұлттық банк Төрағасы ескерткіш монетаның ҚР Тұңғыш Президенті - Н.Ә. Назарбаевтың Күніне орай айналысқа шығарылатынын айтты.
Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық банкі осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа купюраны таныстырған болатын. Іс-шара барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнотты және монетаны таныстырды.