Қазақстан азаматтары қайырымдылық Ice Bucket Challenge акциясын қолдауды жалғастыруда. Бұл жолы белгілі режиссер Ермек Тұрсынов эстафетаны Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты.
Қазақстан азаматтары қайырымдылық Ice Bucket Challenge акциясын қолдауды жалғастыруда. Бұл жолы белгілі режиссер Ермек Тұрсынов эстафетаны Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты.
Әлеуметтік желілерде кезекті ролик жарияланды. Онда Қазақстан азаматтары мұздай суды үстілеріне құйып, осы әрекетті еліміздің екі министрі Асылжан Мамытбеков пен Әсет Исекешевті қайталауға шақырады. Екінші минутта видеодан қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов көрініп, Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке мұздай суық су құйынуды ұсынады.
Бұл әлемдік флешмобты коммунист Владислав Косарев, депутат Майра Айсина, футболшы Самат Смақов, әнші Ерлан Көкеев, саясаттанушылар Ғалым Байтұқ пен Досым Сәтпаев қолдаған еді. Ендігі кезекте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев тұр.
Ice Bucket Challenge атты видеофлешмоб ең алғаш АҚШ-тан бастау алды. Шараның шарттарына келісім берген саясаткерлер, әртістер, музыканттар және белгілі бизнесмендер үстілеріне суық су құйынып, осы арқылы ұмытшақтық дертінен арылып, қоғамдағы келелі мәселелерге сергектік танытуға тиіс. Ice Bucket Challenge флешмобының шарты бойынша кез-келген адам су құйынғаннан кейін эстафетаны үш адамға ұсынуы керек, олар 24 сағат ішінде осы әрекетті жалғастырады. Егер де қарсы болса, 100 доллар көлеміндегі қаржыны ұмытшақтық дертіне шалдыққандар қорына аударуы қажет.