09 қараша 2021 | 15:06

Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген жоқ

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Бұл туралы ҰБ төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Бұл туралы ҰБ төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары мұнай бағасы теңге бағамы үшін негізгі макрофакторлардың бірі болып қалатынын атап өтті, өйткені ішкі нарықтағы шетел валютасының көлемі мұнай бағасына байланысты. Оның айтуынша, бағамның қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы белгілер бар, бұл жағдай дамыған және дамушы нарықтардың валюталарына тән.

"Біріншіден, экономикалық белсенділіктің қалпына келуі және фискалдық серпіннің аясында импорттың өсуі теңге бағамына тұрақты қысым көрсетіп отыр. Сондықтан, мұнай нарығындағы ралли нәтижесінде экспорттаушылардың валюталық түсімінің өсуіне қарамастан, шетел валютасына сұраныстың байқалып отырған өсуі теңгенің нығаюына мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, тұтыну тауарлары импортының өсуіне байланысты төлем балансының ағымдағы шоты тапшылықта қалып отыр" - деп хабарлады Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, бизнес пен халық тарапынан шетел валютасына сұраныстың өсуіне Ресей тауарлары импортының артуы айқын мысал бола алады. 

"Кейінгі сұхбатымда биылғы жылғы екінші тоқсанның нәтижесі бойынша Ресейден әкелінетін импорт 4,2 млрд АҚШ долларына жетіп, 2020 жылғы екінші тоқсанмен салыстырғанда 36,1%-ға ұлғайғанын, ал биылғы бірінші тоқсанда осындай көрсеткіш 2,4% болғанын атап өткен едім. Осылайша, Ресей Федерациясынан әкелінетін тауарларға ішкі сұраныстың артуы теңгенің Ресей рубліне қатысты айырбастау бағамының әлсіреуіне алып келеді. Биылғы қазандағы теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,85 теңгеден 6,05 теңгеге дейін немесе 3,4%-ға әлсіреді", - деп қосты ол.

Екіншіден, Әлия Молдабекова еркін өзгермелі жағдайда жаһандық үрдістер теңгеге тікелей ықпал ететінін айтты.

"Үшіншіден, биыл шикізат тауарларының қымбаттауы мен шикізат экономикасы валюталары арасындағы байланыстың әлсіздігі жаһандық деңгейде байқалды. Канада доллары, норвегиялық крон, Ресей рублі, жыл басынан бері мұнайдың екі таңбалы өскеніне қарамастан, салыстырмалы түрде күшейе алмады. Кейбір сарапшылар бұл жағдайды АҚШ долларының жаһандық нығаюымен ғана емес, сондай-ақ, мұнай бағасының ұзақ мерзімді өсуіне деген сенімділіктің болмауымен де байланыстырады. Олардың пікірінше, байқалған энергетикалық дағдарыстың уақытша сипатына, сондай-ақ, мұнай экспорттаушы елдер ұйымы тарапынан өндірістің айтарлықтай өсуіне байланысты", - деді Молдабекова.

Соның салдарынан, мұнай бағасының өскеніне қарамастан, ұлттық валюта бір айда 0,3 пайызға, бір доллар үшін 427,15 теңгеге дейін әлсірегені айтылды.

"Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Теңгеге бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін 988 миллион доллар көлемінде ұлттық қор қаражатын айырбастау және квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан 208 миллион доллар мөлшерінде міндетті сату операциялары қолдау көрсетті. Шетелдік инвесторлар тарапынан шетел валютасын қосымша ұсыну нарықтың өтімділігін жақсартуға және сұранысты ішінара қанағаттандыруға ықпал етеді. Қарашаның басынан бері мұнай бағасының төмендеуі аясында теңге бағамы 0,5 пайызға, 429,20-ға дейін әлсіреді", - деп түйіндеді Әлия Молдабекова.

Валюталық интервенция - елдің орталық банкінің валюта нарығындағы ұлттық валютаны қолдауға немесе әлсіретуге бағытталған әрекеті, оның аясында валютаның үлкен көлемін бір мезгілде немесе шектеулі уақытта сатып алу немесе сату жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети