16 мамыр 2017 15:08

Ұлттық бюро Сирияға сатылған ұшақтарға қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Avia.pro © Avia.pro

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Азаматтық авиация комитетінің лауазымды тұлғалары мен өзге де тұлғаларға қатысты екі ұшақты Сирияға сатқан болуы мүмкін делінген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі кезде істі толық, жан-жақты және әділ зерттеуге бағытталған қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Істің өзге мән-жайы ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Тергеу аяқталғаннан кейін оған байланысты ақпарат беріледі", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берілген жауапта. 

Еске салайық, БАҚ-та 2016 жылдың 30 желтоқсанында Инвестициялар мен даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жеке тұлғаның өтінішімен екі Airbus A340 ұшағын тіркеуге алғаны хабарланған еді. Бұл ұшақтар БАӘ-де тіркелген шетелдік әуе компаниясына тиесілі болып шыққан. 

27 ақпанда Ұлттық бюро ұшақтарды тіркеу мен оларды тіркеуден шығару өрескел заң бұзушылықтармен жүргізілгенін анықтаған. Сол күні инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбек ұшақтардың Тегеренда екенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети