Ұлттық бюродағылар "Радиоточканың" бұрынғы бас редакторына қатысты мәліметті нақтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Парламент Сенатының отырысынан тыс кезде журналистерге Бекжан Ыдырысовтың куәгер ретінде шақырылғанын айтты.
Ұлттық бюродағылар "Радиоточканың" бұрынғы бас редакторына қатысты мәліметті нақтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Парламент Сенатының отырысынан тыс кезде журналистерге Бекжан Ыдырысовтың куәгер ретінде шақырылғанын айтты.
"Ол тек куәгер ретінде шақырылды. Оған қатысты ешқандай да шектеулер жоқ - шекара қызметінде де, еш жерде. Ол еш қиналмай емін-еркін кетті. Одан жауап алынды. Бекжан Ыдырысовтың берген түсініктемелері жеткілікті", - деді Алик Шпекбаев.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, сот отырысында куәгермен видеобайланысқа шығып, жауап алуға болатынын атап өтті. "Уақыт көрсетеді. Егер қажет болып бара жатса, қазіргі уақытта техникалық мүмкіндіктеріміз мол. Видеоконференция арқылы жауап алуға болады, қиындықтар болмауы тиіс", - деді агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.
"Радиоточка" редакциясының өкілдері Бекжан Ыдырысовтың бұл жаңалығына қатысты пікір білдірді. Сайттағылар телефон соғып жатқандарда сан жоқ екенін, әріптестердің жобаның тағдыры не боларын сұрап, уайымдап жатқанын айтты. "Бекжан "Радиоточка" басылымының бас редакторы қызметінен желтоқсанның басында кетті. Содан бері байланысқа шықпады, оның кетіп қалғаны жайлы хабар өзіміз үшін де жаңалық болды. "Радиоточка" қалыпты жұмыс істеп жатыр. Бас редактордың міндетін Евгения Сазонова атқарып жатыр. Иә, қиындықтар болды, қызметкерлердің санын қысқартуға тура келді, белді бекем будық, бірақ жұмысты жалғастырып жатырмыз, жаңа материалдар жазып, аудиториямызға қызықты жаңа тақырыптар, форматтар іздеп жатырмыз", - делінген сайтта.
Ал кеше "Радиоточка" бас редакторының Қазақстаннан кетіп қалғаны жайлы, бірақ редакцияның жұмысты жалғастырып жатқаны хабарланған болатын. "Радиоточка" сайтының бас редакторы Бекжан Ыдырысов Қазақстаннан кетіп қалғаны туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазған.
Еске салайық, қарашада "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" басылымдарының директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты бопсалау дерегі бойынша соталды тергеу басталып, ол ұсталған еді. Тергеу кезінде Ғабдуллиннің өз бақылауындағы "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты абыройын түсіру және жағымсыз материалдар жариялау жолымен ақпараттық шабуылды үдеткені анықталды", - делінген еді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарламасында.