Ұлттық бюроның экс-басшысы Татубаев жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық бюроның экс-басшысы Татубаев жаңа қызметке келді

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығы лауазымына Талғат Маратұлы Татубаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығы лауазымына Талғат Маратұлы Татубаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы 4 шілдедегі бұйрығымен Бас прокуратурада кадрлық тағайындаулар жасалды. Жұмыс тәжірибесі, басшылық қызметтегі еңбек өтілі ескеріліп, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығы лауазымына 1976 жылы туған Талғат Маратұлы Татубаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Талғат Маратұлы Татубаев 1976 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 3 дәрежелі жоғары біліктілік сыныбы бар.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Түрлі қызметтерде жұмыс істеді. Оның ішінде ішкі істер, қаржы полициясының органдары, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарында болды.

2016 жылғы қыркүйек - 2018 жылғы маусым аралығында МҚІжСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметін атқарды.

"Құрмет» және ІІ дәрежелі "Даңқ" ордендерімен марапатталған. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының Президенттік резервінде тұр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети