Ұлттық экономика министрінің жалақысы аталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрінің жалақысы аталды Әсет Иргалиев. Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен ведомство вице-министрінің жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен ведомство вице-министрінің жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz сауалына берген жауабында министрлік қызметкерлерінің жалақысы туралы мәлімет жеке деректер тізіміне енгізілгенін айтты.

"Бұл ретте, заңның 10-бабына сәйкес, дербес деректерге қол жеткізу субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүргізіледі. Орташа еңбек өтіліне есептейтін болсақ, ұлттық экономика министріне жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын шегергенде жалақы 896 мың теңге, вице-министрде 633 мың теңге болады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің (министр, министрдің орынбасарлары) жалақысы соңғы рет 2014 жылы көтерілгені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.65  course down  593.07  course down  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети