Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 40 маманы COVID-19 жұқтырды - Пірәлиева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 40 маманы COVID-19 жұқтырды  - Пірәлиева Фото: ©REUTERS

Елордадағы ұлттық ғылыми медициналық орталығының 40 маманы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордадағы ұлттық ғылыми медициналық орталығының 40 маманы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда медициналық орталықтағы жағдай бақылауға алынған.

"Ұлттық ғылыми медициналық орталығында қызметкерлер арасында коронавирус жұқтырудың 40 дерегі тіркелді. Зерттеу профилактикалық мақсатта жүргізілді. Жағдайы ауыр науқастар тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп жатыр", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Жанна Пірәлиева бүгінде індет жұқтырған медицина қызметкерлері үйдегі карантинде екенін атап өтті.

"40 маман үйдегі карантинде жатыр. Олардан індеттің симптомы байқалған жоқ", - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети