Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жалпы жиналысының сессиясы өтті. Жиналысқа ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Марат Оразаев, ҚР Парламент депутаттары, көрнекті инженерлер мен ғалымдар, өндіріс мамандары, мемлекеттік басқару органдарының, ірі ұлттық компаниялар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері, сонымен қатар, ҰИА Президенті Бақытжан Жұмағұлов қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Академия президенті Бақытжан Жұмағұлов өз баяндамасында соңғы уақытта ел ішінде болған өзгерістер мен жаңалықтарға тоқталып, болашақ міндеттерді атап өтті. ҚР ҰИА-ның 2018-2019 жылдары атқарғылған жұмыстарын қорытындылап, қазіргі таңдағы ғылым нәтижесін іске асырудың, оны өндіріспен, бизнеспен тиімді ықпалдастырудың, нарықтың болашақ технологиялық талаптарын қанағаттандыру принципінде жаңа деңгейге көшудің міндеттеріне тоқталды.
Жарыссөзде жобалармен айналысқан ғалымдардың, кәсіпорындар басшыларының баяндамалары тыңдалды:
- Есполов Тлектес Исабайұлы, ҚазҰАУ ректоры, академик (Әлемдік университетке трансформациялану);
- Нупов Құндыз Шамахұлы, ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі ("Сары -Арқа" ғасыр жобасын жобалау ерекшеліктері);
- Климов Павел Викторович, Казтрансгаз АҚ бас директорының кеңесшісісоветник генерального директора АО Казтрансгаз (Көлік саласында компромирленген және сұйытылған табиғи газды қолданудың болашағы);
- Сағитов Абай Оразұлы, "Оңтүстік" агропаркінің директоры ("Байсерке-Агро" Агрохолдингі мысалында ауыл шаруашылығындағы инновациялар);
- Ан Евгений Алексеевич, ХИА корреспондент-мүшесі ("Ашық инновациялар мен инновациялық реинжиниринг; парадигмасын трансұлттық деңгейде ғылымның, білім мен бизнестің интеграцияланған үдерістеріндегі айқындаушы фактор ретінде іске асыру);
- Каруна Оксана Леонидовна, ҚР ҰИА академиялық кеңесшісі (Ақпараттық және есептеуіш технологиялар бөлімінің есебі);
- Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы, т.ғ.д., профессор, көлік және коммуникация бөлімшесінің төрағасы, Қазжол ҒЗИ АҚ президенті (Қазақстанның көлік жолдары: проблемалары мен жетістіктері).
Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті Темірхан Досмұхамбетовтың басшылығымен ҚР ҰИА "Инновациялық технологиялар және агроөнеркәсіп кешені" атты жаңа бөлімшесі ашылғандығы жария етілді. Төралқа мүшелерінің жаңа құрамына Темірбеков Нұрлан Мұханұлы, Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы ҚР ҰИА тізіміне енгізілді.
Сондай-ақ, "KAZENERGY" қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин ҚР ҰИА Президенті, академик Бақытжан Жұмағұловты, ҚР ҰИА конкурстык Комиссия Төрағасы, академик Асқар Құлыбаевты, ҚР ҰИА бірінші вице-президенті, академик Нәдір Надировты "Қазақстанның мұнайына 120 жыл" медалімен марапаттады.
Ұлттық инженерлік академиясының Президенті Бақытжан Жұмағұлов ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Исабайұлы Есполовқа "Инженерлік даңқ" медалін табыс етті. Сонымен қатар, Бақытжан Жұмағұлов ҚР ҰИА Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының Төрағасы Жұмахан Үшкемпірұлы Мырхалықовқа "Қазақстанның құрметті инженері" медалін табыстады.