11 сәуір 2014 11:37

Ұлттық инвесторлар кеңесінде үш саланың мәселелері қаралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Мeta.kz ©Мeta.kz

Бүгін Ақордада өтетін Ұлттық инвесторлар кеңесінде қаржы саласы, шағын және орта бизнес, сондай-ақ автокөліктердің отандық өндірісін дамыту мәселелері қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасына сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, Ұлттық инвесторлар кеңесі қарсаңында палата басқармасының отырысы өткен болатын. Онда Ақордадағы кеңесте көтерілетін мәселелер пысықталды. Атап айтқанда, қаржы саласы бойынша қарыздардың көлемін қайта қарау, ескі берешектерден құтылу, теңге бағамын күшейту, сондай-ақ, кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын игеру мәселелері көтерілмек. Қазақстан автобизнес қауымдастығы отандық автоөндірісті дамыту жайын сөз етпек. Ал ұлттық палатаның басшысы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін ортаға салады.

Бұған дейін 11 сәуірде Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы өтетіні хабарланған болатын. Бұл кеңес - Қазақстан Президенті төрағалық ететін консультативтік-кеңесші орган. Ол Мемлекет басшысының жарлығымен 1998 жылы елімізде жұмыс істейтін инвесторлармен тікелей диалог орнату және инвестициялық қызметпен байланысты өзекті мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети