Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайта құрылады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайта құрылады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайта құрылады. Бұл туралы агенттіктің сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайта құрылады. Бұл туралы агенттіктің сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ҰҚК шаралары туралы Мемлекет басшысының 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында және 27 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның қызметін қайта форматтау жөніндегі жұмысын бастады.

ҰҚК органдарының, оның ішінде Шекара қызметі мен "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің құрылымын, міндеттері мен функцияларын бағалау және оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.

Терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметін қайта құру және нығайту мәселелері жеке шығарылды. Жеке құрамның жауынгерлік дайындығын күшейту бойынша шаралар әзірленді.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың ТҚО режимі жағдайындағы бірлескен іс-қимылдарына оларды жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлей отырып талдау жүргізіп жатыр.

Бұл жұмыстың нәтижесі ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылын ұйымдастырудың құрылымы мен тәсілдерін қайта ұйымдастыру болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети