Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына мерейтойлық медаль шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына мерейтойлық медаль шығарылады

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль және мерекелік белгі туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды /Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне қаулы етемін:

1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалі және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісі тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалімен және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісімен наградтау қағидалары;

2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі;

3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісінің сипаттамасы және үлгісі бекітілсін.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети