03 наурыз 2020 | 14:09

Ұлттық кеңес: Кімдер шықты, кімдер кірді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жаңа өкілдер қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жаңа өкілдер қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткері, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, белгілі заңгер, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов, қоғам қайраткері, "Мазмұндама" ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков, "Талбесік" көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі, журналист Ләззат Қожахметова, заңгер, "Ізгілік елшісі» республикалық еріктелер қозғалысының жетекшісі, заңгер Айнұр Сәбитова кірді", - делінген хабарламада.

Алайда ұлттық кеңестің құрамынан Э. Әзімова, А. Саин, Б. Палымбетов, А. Шораев, Б.Бұқарбай, А.Әміртаев шығарылды.

Айта кетейік, ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылға 12 маусымда құрылды. Оның алғашқы отырысы 2019 жылға 6 қыркүйекте өтті.

Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, жетекші қазақстандық сарапшылар кіреді. ​Қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы осы жылдың сәуірінде өткізілмек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети