Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы жаңарды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы жаңарды Фото:akorda.kz

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына ротация жүргізілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына ротация жүргізілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық кеңес құрамына Азаматтық альянс президенті Бану Нұрғазиева, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры, Петропавл қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Худяков, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рысты, қаржы қызметкері Расул Рысмамбетов кірді.

Ротация аясында кеңес құрамынан Александр Данилов, Лаура Демесінова, Абылай Мырзахметов, Асқар Омаров шығарылды.

"Құрылған сәттен бастап ұлттық кеңес құрамы жартылай жаңарды. Оның жұмысына 20-дан аса жаңа сарапшылар мен азаматтық белсенділер тартылды. Қазір ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жетінші отырысына дайындық жүргізіліп жатыр", - деді Берік Уәли.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети