Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы:
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы -Қазақстан Республикасының Президенті, төраға
Көшербаев Қырымбек Елеуұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары
Қарин Ерлан Тынымбайұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы
Ұлттық кеңестің мүшелері:
Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы - Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша)
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Әбдіғалиұлы Берік - Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы (келісім бойынша)
Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы - қоғам қайраткері, "Серпін" Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша)
Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы - "Байтақ болашақ" экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Әшімбаев Данияр Рахманұлы - қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
Байтасов Арманжан Мерекеұлы - Қазақстан Медиаодағының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)
Бұқарбай Бақытжан - қоғам қайраткері, "Мен ояндым" акциясының қатысушысы (келісім бойынша)
Дорофеев Михаил Викторович - журналист, "Informburo.kz" мультимедиялық ақпараттық-талдау порталының бас редакторы (келісім бойынша)
Еспаева Дания Мәдиқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Жандосов Ораз Әлиұлы - "Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры (келісім бойынша)
Жолдыбайұлы Қайрат - қоғам қайраткері, дінтанушы (келісім бойынша)
Жұмалы Расул - қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы - әлеуметтанушы, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша)
Иса Қазыбек Жарылқасынұлы - қоғам қайраткері, "Қазақ үні" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша)
Кенжеханұлы Рауан - "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Қалиев Талғат Бегімұлы - "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры (келісім бойынша)
Қожахметов Асылбек Базарбайұлы - "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Қожық Жәнібек - қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Қуат Дәурен - журналист, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Құттықадам Сейдахмет Рысқожаұлы - қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Мусин Бағдат Батырбекұлы - кәсіпкер, IT-маман (келісім бойынша)
Мұқибек Ауыт - қоғам қайраткері, "Nur Otan" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты (келісім бойынша)
Мырзахметов Абылай Исабекұлы - "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Нұрбек Саясат - саясаттанушы, "BTS Digital" білім беру жобаларының басшысы (келісім бойынша)
Нұров Қанат Ильяұлы - Алматы жоғары басқару мектебінің және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті (келісім бойынша)
Омарова Айман Мұратқызы - адвокат, "Құқық қорғаушылар" қоғамдық қорының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)
Орынбек Айгүл - құқық қорғаушы қайраткер (келісім бойынша)
Ошақбаев Рахым Сәкенұлы - "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Садырбай Асхат Мұратұлы - "Team Qazaqstan" жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)
Саиров Ерлан Бияхметұлы - Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Сарым Айдос Әміроллаұлы - қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
Споткай Максим Александрович - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)
Тайжан Мұхтар Болатханұлы - қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы - "Адам құқықтары хартиясы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы - Қазақстан киноматографистер одағының төрағасы, режиссер (келісім бойынша)
Тілеухан Бекболат Қанайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Чеботарев Андрей Евгеньевич - "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша)
Шибұтов
Марат Мақсұмұлы - "Транспаренси Казахстан" қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Шораев Арман Төлегенұлы - "Қазақстан барысы" даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)