ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарушы директоры Шевелев пен "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС директорының орынбасары Әбдіразақовты ұстады. Олар қылмыстық топ басшысының жеке фирмасына 1,3 миллиард теңге аударғаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кеткен жөн, наурыздың ортасында қаржы полицейлері "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясынан 1,3 миллиард теңге көлемінде қыруар қаражат ұрлаған "Сырдария - жоба Құрылыс" ЖШС директоры Розмат Әлібековты ұстаған болатын. Оның ішкі істер министрлігінде "Әлібеков" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы ретінде тіркеуде тұрғанына қарамастан, ол ақшаның барлығы Әлібековтың фирмасына арнайы құрылыс жұмыстары үшін аударылды. Енді, қаржы полициясы оның "Қазатомөнеркәсіп" компаниясындағы сыбайластарын анықтады.
"Аталған қылмысқа қатысы бар деген айыппен "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарушы директоры Шевелев пен "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС директорының орынбасары Әбдіразақов ұсталды. Сот санкциясымен олар қамауға алынды", - делінген ресми хабарламада.