“Ұлттық қор – балаларға“: әр бала қанша ақша алды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ұлттық қор – балаларға“: әр бала қанша ақша алды? Фото:depositphotos.com

Қаржы министрі Мәди Тәкиев "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында әр қазақстандық балаға қанша қаражат аударылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрі Мәди Тәкиев "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында әр қазақстандық балаға қанша қаражат аударылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін тыңдады. Мәди Тәкиевтің айтуынша, былтыр Ұлттық қордың активтері 16 пайызға өсіп, 66,2 миллиард доллар болған.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша екі жыл ішінде шамамен 7 миллион баланың әрқайсына 233 доллардан аударылды", – деді министр.

2024 жылы ЖІӨ 4,8 пайызға өсті. Негізінен өсім мұнайға қатысы жоқ сектор есебінен қамтамасыз етілді. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 6 пайызға артқан.

Былтыр біріктірілген бюджеттегі мұнайға қатысы жоқ кірістердің үлесі 2,5 пайыздық тармаққа өсті.

Тәкиевтің айтуынша, инфляция 9,8 пайыздан 8,6 пайызға дейін төмендеді. Бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 2,7 пайызы болды. Мемлекеттік қарыз 31,8 триллион теңгеге жетіп, ЖІӨ-нің 23,7 пайызына тең болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети