Қаржы министрлігі "Ұлттық Қор - балаларға" жобасының орындалу барысы туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы министрлігі "Ұлттық Қор - балаларға" жобасының орындалу барысы туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ мәліметтеріне сәйкес, 1 наурыздағы жағдай бойынша 775 адам тұрмыс жағдайын жақсарту және оқу ақысын төлеу үшін 42 мыңнан аса АҚШ долларын шешіп алған.
2024 жылдың басында нысаналы талаптарға қатысушылардың саны 6 919 131 адам болды, оның 304 815-і 2024 жылы 18 жасқа толған.
18 жыл iшiнде орташа инвестициялық кiрiстiң 50 пайызынан қалыптасқан есептеулердің жалпы сомасы 695 519 269 АҚШ доллары болды, әрбiр балаға 100,52 АҚШ доллары есептелді.
"2024 жылы кәмелет жасқа толған балалар үшін "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-на 30 640 003,80 АҚШ доллар қаражат аударылды", - деп толықтырды Қаржы министрлігі.
Еске салайық, Қазақстанда қаңтар аяғында балаларға Ұлттық қордан ақша түсе бастады. Бағдарламаға қатысушылар 2023 жылға арналған арнайы шоттарға 100,52 доллар алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!