Ұлттық қор - балаларға: сенаторлар заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қор - балаларға: сенаторлар заң жобасын Мәжіліске қайтарды jcomp/Freepik

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенаторлар кейбір заңнамалық актілерге Ұлттық қордан балаларға ақшалай қаражатты есептеу, оларды төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды бірінші оқылымда қабылдады.

Бірақ екінші оқылымда кейбір мәселелерді пысықтау үшін заңды Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.

"Заңды талқылау барысында мынадай түзетулер енгізу қажеттілігі туындады: "нысаналы жинақтар" ұғымын пайдалануды болдырмау қажет, өйткені нысаналы жинақтар БЖЗҚ-ның нысаналы жинақтау шоттарында болады. Ұлттық әл-ауқаттың жалғыз акционерлік қорының құзыретін регламенттейтін қайталанатын нормаларды алып тастау. Тұңғыш Президент Елбасы туралы Конституциялық Заңның қолданылуын тоқтатуға байланысты Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заң нормаларын сәйкес келтіру.

Банктер мен салымшылар арасында нысаналы жинақтарды төлеудің пайдаланылмаған қаражатын банктік шоттардан БЖЗҚ шотына доллармен аудару кезінде даулы жағдайлардың туындау қаупін болдырмау мақсатында аударым күніне емес, аударым сәтіне теңгемен айырбастау көзделсін", - деді Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров.

Талқылаудан кейін Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге Ұлттық қордан балаларға ақшалай қаражатты есептеу, оларды төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жекелеген баптарын бекітпеуді ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша заң жосбасын Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети