Ұлттық қордан бюджетке қанша қаражат бөлу жоспарланып отыр?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қордан бюджетке қанша қаражат бөлу жоспарланып отыр?

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023-2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға өзгеріс енгізу туралы құжат жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл құжат еліміздің Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 2023 жылға арналған кепілдендірілген трансферттің көлемін 2 200 миллиард теңге, 2024 жылға - 2 000 миллиард теңге, 2025 жылға - 1 900 миллиард теңге сомасында бекітеді.

"Ол сондай-ақ мұнайдың кесімді бағасын мына көлемде анықтайды: 2023 жылы - барреліне 48,9 АҚШ доллары, 2024 жылы - барреліне 42,2 АҚШ доллары, 2025 жылы - барреліне 40,3 АҚШ доллары.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсімдер 2023 жылы - 2 251,6 миллиард теңге, 2 026,6 миллиард теңге және 2024 және 2025 жылдары 1 956,8 миллиард теңге болады деп болжанып отыр", - деді мәжілісмен Марат Құсайынов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети